RU
Ресейдің атақты бапкері Елдос Сметовті теңдесі жоқ балуанға теңеді
Жаңалықтар Қоғам

Ресейдің атақты бапкері Елдос Сметовті теңдесі жоқ балуанға теңеді

Рассказать Вконтакте

Ресейлік атақты балуан, білікті бапкер Эдуард Базров қазақстандық дзюдошы Елдос Сметовты әлемдегі теңдесі жоқ балуанға теңеді, деп хабарлайды Qsport.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Эдуард Базров. Фото: wrestdag.ru

Эдуард Базров. Фото: wrestdag.ru

Олимпиада және әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Хаджимурат Гацаловпен бірге еркін күрес академиясының аға жаттықтырушысы қызметін атқарып жүрген Эдуард Базров Елдос Сметовтың теңдессіз балуан екенін айтып, таңданысын жасырмады.

"Елдосты Екатеринбургтағы додаға екі ай дайындадым. Мен көптеген спортшыларды физикалық тұрғыдан дайындап, әлеуетін арттырып жүрмін. Дегенмен екі ай дайындық барысында Елдостың әлемдегі теңдессіз балуандардың қатарына кіретініне көзім жетті. Аралас жекпе-жек, бокс, еркін күрес спортының біраз өкілдерін дайындадым, бірақ Сметовтей талантты спортшыны әлі кездестірмедім. Елдос талантынан бөлек, өте ақылды спортшы. Меніңше, Елдосты жақсылап баптаса, Токиода да, Парижде өтетін Олимпиада ойындарында да топ жаруы әбден мүмкін", – деді Эдуард.

Айта кетейік, Эдуард Базров Ресей құрамасы сапында талай байрақты бәсекелерде топ жарып, әлемдік аренада атой салған балуан. Ол Ресей біріншілігіндегі сында атақты Біләл Маховқа ғана есе жіберіп, Әлем және Олимпиада ойындарынан тыс қалған.

Ал Елдос Сметов Екатеринбургта өткен Grand Slam турнирінде алтын жүлде еншілеген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
18
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір