RU
ОҚО-да парамен ұсталған көші-қон полициясының басшысы қамауға алынды
Жаңалықтар Саясат және экономика

ОҚО-да парамен ұсталған көші-қон полициясының басшысы қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласы əл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов сыбайлас жемқорлықпен құрықталған Оңтүстіктегі шендінің екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: 24.kz

Фото: 24.kz

ОҚО ІІД көші-қон басқармасының басшысы Нұрдәулет Төлегенұлы екі ай мерзімге күзетпен бұлтартпай ұстау шарасымен қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы мен 367-бабы бойынша айып тағылуда.

Аса ірі көлемде пара алуға оқталды деп айыпталған Нұрдәулет Төлегенұлына тағайындалған күзетпен қамаққа алу шарасын өзгертуге адвокаттары жеке шағым бермекші.

Төлегенұлының адвокаты Шымырбай Ағабеков сот қаулысына апелляциялық тəртіпте жеке шағым беретіндігін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір