RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Рассказать Вконтакте

13 сәуір күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Көктем. Көрнекі фото: Newsland

Көктем. Көрнекі фото: Newsland

Республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және орталық бөліктерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, көбінесе жаңбыр жауады. Кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі.

13 және 14 сәуір күні күндіз оңтүстік-шығыста және оңтүстікте плюс 20-25 градусқа дейін, кей жерлерде 27-30 градусқа дейін, шығыста 13-18, кей жерлерде 21 градусқа дейін ауа жылынады.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/сек., екі градусқа дейін үсік сақталады, Жалаңашкөл ауданында екпіні 27 м/с күшейеді, түнгі уақытта - тұман болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстанда және Қостанайдың кей жерлерінде - тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдыңы 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, Шығыс Қазақстан облысында - екпіні 25 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің күші 15-20 м/с болады. Қызылорда облысында күндіз көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір