RU
Ақшаға мұқтаж қазақстандық азаматша туған баласын шетелдікке сатпақ болған
Жаңалықтар Қоғам

Ақшаға мұқтаж қазақстандық азаматша туған баласын шетелдікке сатпақ болған

Рассказать Вконтакте

Ресейде туған баласын сатпақ болған 33 жастағы алматылық келіншек тұтқынға алынды. Өзінің сорақы қылығын ол қаржыға тарыққандықтан жасауға мәжбүр болдым деп түсіндірген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Юлия Щеглова 9 айлық сәбиін өткен жылдың желтоқсан айынан бастап сатып жіберуге бел байлаған. Баласын сатпақ болған ана әлеуметтік желі арқылы 9 айлық ұлына жаңа ата-ана іздеп, ақысына 20 мың АҚШ долларын талап етті.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Тіпті, 5-ші сәуірде Мәскеуге арнайы келіп, келісім бойынша баланы өзгенің қолына беруге шешім қабылдаған. Әйелдің өз анасы болған жайттан мүлдем бейхабар, тек артынан білгенін айтты ол.

-Екінші сәуірде үйде болған. Бірақ, үйге келсек әлденеге асыққаны байқалады. Теледидар қосулы қалған. Тамағы ішілмеген. Оның қашан Ресейге кеткенін, не үшін мұндай қадамға барғанын білмеймін. О жақтан хабар жеткенде, талып қала жаздадым.
Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Юлия Щеглова жүктілігінің 3 айлығы кезеңінде күйеуімен ажырасып кеткені белгілі болды. Қиын кезде оның жанынан табылған жақындары Юлияның босанған соң қатты күйзеліске ұшырағанын айтты.

Ал көршілері болса асқан мейірімділігімен ерекшеленетін әйелдің мұндай қадамға баратынына сене алмаған. Олардың айтуынша, бұл отбасы ештенеден таршылық көрмеген.

Баланың әкесі болған оқиғадан кейін Мәскеуге аттанды. Одан жауап алынып, ер адам жәбірленуше ретінде танылған. Тергеу өкілдері барлық құжаттармен танысқан соң, баланы әкесінің қолына берсе керек.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Қазір қазақстандық азаматшаға қатысты адам саудалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 33 жастағы әйел тұтқынға алынған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel