Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда 10 жастағы баланы зорлап өлтірген жасөспірімге үкім шықты

Опубликовано:

4-ші сынып оқушысы өлтірген 13 жасар қылмыскер енді бір жылын ерекше режимдегі арнайы мектепте өткізуге міндеттеледі. Оның колонияға жіберілмеуіне қылмыс жасаған кезде 14 жасқа толмағандығы себеп болған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ktk.kz
Фото: ktk.kz: UGC

Бүкіл Қазақстанды дүрліктірген оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Із-түссіз жоғалған 4-ші сынып оқушысының өлі денесі балабақша маңындағы ағаштар арасынан табылды.

Оның өліміне қатысы бар деп 7-ші сынып оқушысы басты күдікті ретінде ұсталады. Оған екеуінің бірге ойнап жүргендерін көрген адамдар куә болды.

Тексеру нәтижесінде, Никитаның зорланғаны әрі тұншықтырылғаны анықталған. Оған қоса екі оқушының да желім иіскегені дәлелденді.

13 жастағы Николайдың кінәсі толық расталып, тіпті өзі де мойындағанымен, ол қылмыстық жауапқа тартылмайтын болды. Себебі қылмыс жасаған кезде жасөспірімнің жасы 14-ке толмаған.

Фемида өкілі шешім шығарарда қылмыскердің қиын тағдырына баса мән берген. Оның айтуынша, анасынан ерте айрылып маскүнем әкесімен тұрған балаға жаза тағайындау оңай болмағанын айтты.

Белгілі болғандай, прокурорлар жас қылмыскерге жаза ретінде екі жыл сұраған. Алайда судья оған Шығыс Қазақстандағы ерекше режимдегі арнайы мектепте 12 ай көлемінде тәрбиелену жазасын тағайындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1726409-tarazda-10-zastagy-balany-zorlap-ltirgen-zasspirimge-kim-sykty/

pixel