RU
Қызылордада 337 млн теңгеге салынған ескерткіш дәрет сындыратын орынға айналған (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада 337 млн теңгеге салынған ескерткіш дәрет сындыратын орынға айналған (фото)

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында Сырдарияның жағасынан бой көтерген тарихи монумент алты жылдан бері қор болып тұр деп хабарлайды КТК арнасы.

Стелла. Фото: NUR.KZ

Стелла. Фото: NUR.KZ

Бақандай 337 миллион теңгеге 40 метр етіп ескерткіш салдырған шенеуніктер стелланы жауып тыныпты. Ешкімге қажеті болмай қалған қалған қала символы ұзақ жылдар бойы қаңырап, қаңғыбастарға пана болуда.

«Сыр-Ана» атты тарихи монумент тіпті дәрет сындыратын орынға айналған.

Қызылорда облысында 337 миллион теңгеге салынған ескерткіш дәрет сындыратын орынға айналған

Қызылорда облысында 337 миллион теңгеге салынған ескерткіш дәрет сындыратын орынға айналған

"Оның ішін дәретханаға айналдырғаны рас. Барып өздерінің қалдықтарын, қоқыстарын тастап кетеді. Терезесін талай сындырып кеткен фактілер де болды. Одан кейін оның бәрі қалпына келтіріліп, басына күзетші орналастырылған.

Бірақ енді бүгінгі күнге алдағы уақытта жаз айлары басталып келе жатыр. Осы көктемде бір тазалау жұмыстары жүргізіледі содан кейін ашылады", - дейді Тұрғынүй коммуналдық шаруашылық және тұрғынүй инспекциясы бөлімі бастығының орынбасары Біржан Далабаев.

Қызылорда облысында 337 миллион теңгеге салынған ескерткіш дәрет сындыратын орынға айналған

Қызылорда облысында 337 миллион теңгеге салынған ескерткіш дәрет сындыратын орынға айналған

Осыдан алты жыл бұрын дүркіреп ашылған монументке қуанған сол кездегі өңір әкімі Болатбек Қуандықов Қайрат Нұртас, Мадина Садуақасова сынды әйгілі эстрада жұлдыздарын арнайы шақыртып, үлкен концерт те өткізген-ді.

Стелланың қайда орналасқанын қызылордалықтар тіпті білмейтін болып шықты. Ал стелланың о бастағы авторлары - шенеуніктер болса, оны қайта жөндеп, абаттандыруға тағы қаражат қажет деп алақан жайып отыр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel