Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік тұрғын әйеліне маза бермеген жігітпен кездесемін деп ауруханадан бір-ақ шықты

Опубликовано:

Шымкенттік тұрғын жұбайын мазалап жүрген азаматтан зардап шекті. Мәселені шешпек болған отағасын күдікті пышақтап кеткен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Зардап шеккен азамат
Зардап шеккен азамат: UGC

Зардап шеккен азаматтың сөзінше, бірнеше айдан бері келіншегіне бейтаныс жігіт телефон арқылы хабарласып мазасын алып келген. Жарын қорғамақшы болған жұбайы бейтаныс жігітпен жолығып, арадағы мәселені өзара шешпекші болады.

Бірақ кездесудің соңы келеңсіз жағдаймен аяқталған. Телефон арқылы хабарласып жүрген бейтаныс жігіт келіншектің күйеуін ұрып соғып, әдейі жамбасына пышақ тығып кеткен.

"Келіншегімді мазалам жүрген жігітті кездесуге шақырып, мәселені шешпек болдым. Бірақ ол он бес жігіт болып жиналып, шабуыл жасауға дайын тұр екен. Сөйлесіп тұрғанымда жамбасымнан пышақ тығып алды. Мен қашып үлгердім. Үйге жетсем артымнан қан тоқтамай ағып жатыр екен. Кейін көп қан жоғалтып есімнен танып қалдым. Көзімді ашсам ауруханада жатыр екенмін", - дейді зардап шеккен жас жігіт.

Жамбасына пышақ кіргін жас жігіт қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер жарақаттанған жерді қайта тігіп берді.

Зардап шеккен азамат бұзақылардың үстінен арыз жазыпты. Қазір полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1726427-symkenttik-trgyn-jeline-maza-bermegen-zigitpen-kezdesemin-dep-auruhanadan-bir-ak-sykty/

pixel