RU
Алматы облысындағы мектепте жұртқа шабуылдаған жыландар елдің мазасын қашырды
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысындағы мектепте жұртқа шабуылдаған жыландар елдің мазасын қашырды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы Алакөл ауданына қарасты Ақтүбек ауылының тұрғындары мектепте жыландар мамандарға шабуыл жасап, мазаларын қашырғанын айтып, дабыл қақты деп хабарлайды 31 арна.

Алматы облысындағы мектепте жұртқа шабуылдаған жыландар тұрғындардың мазасын қашырды

Алматы облысындағы мектепте жұртқа шабуылдаған жыландар тұрғындардың мазасын қашырды

Тұрғындар тіпті балаларын мектепке жіберуге қорқып қалған. Ол аздай білім ордасында сәбилерге арналған орталық та бар екен.

Сұмдығы сол, жыландар әр жерден шығып жатыр дейді тұрғындар. Ал кішкентай балаларды мектеп басшылығы бір қабаттан екіншісіне көшіріп әлек.

Ақтүбек орта мектебінің ішіндегі балабақшада жұмыс істейтін Күлмархан Қалиева мен Айнұр Тұрарова жыланның өздеріне шабуыл жасаған сәттерін үреймен еске алады.

Алматы облысындағы мектепте жұртқа шабуылдаған жыландар тұрғындардың мазасын қашырды

Алматы облысындағы мектепте жұртқа шабуылдаған жыландар тұрғындардың мазасын қашырды

Бұл жайттан кейін бірден білім шаңырағының едендерін ашып, жылан мекен ететін жерлерге арнайы аппарат сатып алынып, қазір қосулы тұр.

"Менің екі жасар немерем бар, жататын орнынан жылан шыққан. Көмек сұраймыз бүткіл акимат, бүкіл аудан бәрі біледі жыланның бар екенін. Зовхоз бәрі біледі. Он жыл болды ғой деймін жыланның шыққанына. Оны айтпаңдар, айтсаңдар жұмыстан шығарамыз деген", - дейді Ақтүбек ауылының тұрғыны Гүлбаршын Меделханова.

Тұрғындар мектепте жыланның ордасы бар деп үрейленеді. Ал Ақтүбек орта мектебінде 200-ден астам оқушы мен 40 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Оқушылар да мектепте жыланды жиі көретінін айтады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
20
2
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір