RU
Қытайлық сәби әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін төрт жылдан соң дүниеге келді
Жаңалықтар Әлемде

Қытайлық сәби әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін төрт жылдан соң дүниеге келді

Рассказать Вконтакте

Қытайда балалы бола алмай өмірден өткен жұп төрт жылдан кейін балалы болды. Олардың сақталған эмбриондары арқылы суррогат ана ұл баланы дүниеге әкелді деп хабарлайды жергілікті басылымға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қытайлық сәби. Фото:9months.ru

Қытайлық сәби. Фото:9months.ru

Өзгенің жатырын пайдаланып балалы болудан басқа үміті қалмаған отбасы 2013 жылы қаза тапқан екен. Ал 2017 жылдың желтоқсан айында суррогат ана ұл баланы дүниеге әкелген.

Балақайдың атасы мен әжесі немерелеріне қолы жетпей біраз қиналған.

Қытайдағы "Нанкин" ауруханасында сақталған эмбриондарды алу құқығына туылған баланың екі атасы мен екі әжесі ие болады. Олар немерелеріне қол жеткізу үшін арнайы тексерістерден өткен.

Айта кетейік, атасы мен әжесі нәрестеге Тяньтянь деген есім берген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
2
6
1
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір