RU
Путин әлемдегі ең мәртебелі тұлғалардың тізімінде Трампты шаң қаптырды
Жаңалықтар Әлемде

Путин әлемдегі ең мәртебелі тұлғалардың тізімінде Трампты шаң қаптырды

Рассказать Вконтакте

YouGov аналитикалық компаниясы жыл сайынғы дәстүр бойынша әлемдегі ең танымал есімдер арасында қоғамға үлгі болған тұлғалар тізімін шығарды. Бұл туралы Life.Ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото желіден алынды

Фото желіден алынды

Әйелдер арасында көш бастап тұрған - Анджелина Джоли болса, ерлер арасында Билл Гейтс тұр. Аталмыш тізімге алтыншы болып Ресей президенті Владимир Путин енген. Ал Дональд Трамп 11-орынға ілініпті.

Сондай-ақ, әлемдегі ең сыйлы әйелдер тізімінде үшінші орын тележүргізуші Опра Уинфриге бұйырса, ерлерден актер Джеки Чан алған.

Айта кетейік, YouGov компаниясы жыл сайын ауқымды сараптама жүргізіп, танымал тұлғалардың абырой-беделін анықтайды.

Бұл жылы зерттеуге 35 елден 37 мыңнан астам адам қатысып, сыйлы адамдар қатарын анықтауға атсалысқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір