RU

19 жасында миллионер атанған әлемдегі ең бай жігіт туралы не білеміз? (фото)

24 жастағы Густав Магнар Витце – Норвегияның ауқатты тұрғыны. Ол әлемдегі миллиардерлер тізімінде жерлесі әрі әпкесі Андерсеннен кейін тұр деп хабарлайды jauns.lv сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Густав 19 жасында миллионер атанды, қазір әкесі 1991 жылы негізін қалаған SalMar ASA компаниясының акцияларының 53%-на иелік етеді. Осынша байлықты оған әкесі сыйлаған.

Компания арқан балықтарды өсіру және жеткізумен айналысады.

Норвегиялықтар Густавты "Балық ханзадасы" деп атап кеткен. Жас жігіт іш пыстырарлық жиналыстар мен кеңседе отыруды ұнатпайды. Оған экстремалды спорт түрлері мен заманауи музыка ұнайды.

Сонымен қатар ол денесіне сурет салдырғанды және гольф ойнағанды жақсы көреді. Жұмыстан бос уақытында сән журналдарына суретке түсіп, сән шерулеріне қатысады.

Forbes журналының мәліметінше, Густавтың байлығы 1,9 млрд долларға тең.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1726463-19-zasynda-millioner-atangan-lemdegi-e-baj-zigit-turaly-ne-bilemiz-foto.html