RU
Жаңа туған баласын азаптап өлтірген ата-ана 21 жылдан кейін сот алдына келді
Жаңалықтар Әлемде

Жаңа туған баласын азаптап өлтірген ата-ана 21 жылдан кейін сот алдына келді

Рассказать Вконтакте

Америкадағы Солтүстік Каролина тұрғындары жаңадан туылған нәрестесіне өмірінің алғашқы күндерінен-ақ қорлық көрсеткен. Кішкентай кезінде алған жарақаттары баланың өліміне бірден-бір себепші болды. Сорақы ата-ана тек 21 жылдан кейін сот алдына келді деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Робин Ноффсингер мен Дэвид Трипп өзінің Дэвид есімді ұлдарын кішкентай кезінен бастап ұрып-соққан. Өмірге сап-сау болып келген бала ата-анасының әрекеттері кесірінен мүгедек болып қалады. Дэвид сөйлей алмай қалып, мәңгіге көру қабілетінен айрылылған.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Ерлі-зайыптының өз баласына жасаған іс-әрекеттері заңсыз саналып, олар бас бостандықтарынан айырылған болатын. 12 жыл бойы темір тордың ар жағында болған ата-ана сот алдына тағы бір мәрте келеді.

Дэвид өзін асырап алған жаңа ата-анасымен

Дэвид өзін асырап алған жаңа ата-анасымен

Туыла сала соққыдан басқа ештене көрмеген Дэвид 21 жасқа келіп қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, оның өліміне кішкентай кезінде алған жарақаттары себепші.

Бұған дейін балаларының өміріне зақым келтіргені үшін сотталған Робин мен Дэвидке енді оның өліміне кінәлі деген айып тағылып отыр.

Ерлі-зайыптылардың қылмысы расталған жағдайда олар өмір бойы бас бостандығынан айырылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір