RU
Караокеде әнге таласамын деп төбелесіп қалған қарағандылық қыздар масқара болды
Жаңалықтар Қоғам

Караокеде әнге таласамын деп төбелесіп қалған қарағандылық қыздар масқара болды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыдағы караокелердің бірінде төбелес шығарып, бір-біріне жұдырық ала жүгірген қыздарға қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы бойжеткен қомақты көлемдегі айыппұл төлеп, мәжбүрлі түрде жұмысқа жегілетін болды деп хабарлайды time.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Аталған іс Қарағандының Қазыбек би аудандық сотында қаралған. Сотта 22 жастағы қарағандылық бойжеткенге "Денсаулыққа орташа деңгейдегі қасақана зақым келтірді" деген айып тағылған.

Естеріңізде болса, былтырғы жылдың қазан айында Қарағандыдағы караокелердің бірінде қос бойжеткен төбелесіп, нәтижесінде олардың бірі тепкінің астында қалған еді. Кейін белгілі болғандай, арулар ән айту кезегіне таласып, бір-біріне жұдырық ала жүгірген.

Сот төбелесті бірінші бастап, зәбір көрушіні тістеп, тепкілеп тастаған аруды айыпты деп танып, оған сексен сағат бойы мәжбүрлі түрде жұмыс жасайды деген шешім шығарды. Сондай-ақ, айыпталушы зәбір көрген қызға бас-аяғы 400 мың теңгедей көлеміндей айыппұл төлейтін болды.

"Время" басылымының рұқсатынсыз материалды көшіріп-басуға болмайды

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір