RU

Нокдаун: Айдар Шәрібаев америкалық боксшыдан жеңіліп қалды (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев екінші жартылай жеңіл салмақта WBA Inter-Continental белбеуін иелене алмады. Отандасымыз АҚШ-тың Индио қаласында өткен бокс кешінде Эндрию Канчиодан жеңіліп қалды деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: MZT Boxing
Фото: MZT Boxing: UGC

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын. Америкалық боксшы алғашқы раундтардан бастап-ақ басымдығын байқатқан.

Үшінші раундта Эндриюдің сол жақ бүйірден жасаған соққысы жойқын шықса, оның бесінші раундтағы соққысы қазақстандықты есеңгіреткен.

Ал соңғы раундта Айдардың жаттықтырушылары ақ орамалды ортаға тастап, жекпе-жекті тоқтатты. Америкалық боксшы техникалық нокаут нәтижесі бойынша жеңіске жетті.

Айта кетейік, осыған дейін 7 рет жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен Айдар Шәрібаевтың бұл алғашқы жеңілісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1726484-nokdaun-ajdar-sribaev-amerikalyk-bokssydan-zeilip-kaldy-video.html