Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астананың ең сұлу транссексуалы еркектерді естен тандырды (фото, видео)

Опубликовано:

Жынысын өзгертіп, бүгінде өзін нәзік жанды сезінетін қазақ жігіті бүгінде әлеуметтік желілерде танымалдылыққа ие. Өзін Астанадағы "ең әдемі транссексуал" санайтын 23 жастағы Гаянэ Ара ер азаматтарға ақылы төсек қызметін көрсетумен айналысады. Бір қарағанда бойжеткеннен еш айырмашылығы жоқ ол көркімен жігіттерді естен тандыруда деп хабарлайды NUR.KZ.

Гаянэ Ара. Фото: ВКонтакте желісі
Гаянэ Ара. Фото: ВКонтакте желісі: UGC

Әлеуметтік желілерде өзін "Астанадағы ең әдемі транссексуал" деп таныстыратын ол ер-азаматтарға ақылы төсек қызметін ұсынып, күн көреді.

"Өз ойым" бағдарламасына қонаққа келген транссексуалдың айтуынша, оның ата-анасы - қазақ. Бағдарлама барысында ол кішкентай кезінде сексуалды зорлық-зомбылық көргенін мойындады.

Айтуынша, ол жастайынан өзінің ешкімге ұқсамай туғанын, тіпті әлемдегі жападан-жалғыз қалған адамдай сезінгенін айтты.

Әлеуметтік желіде белсенді Гаянэ парақшасында өзі жайлы толық ақпаратты да көрсетіп қойған. Ол өз денсаулығына қатты мән беріп, ай сайын тексеруден өтіп тұратынын дәлелдеу үшін түрлі медициналық талдаулардың нәтижелерін жариялап отырады.

Транссексуал өзінің дене бітімінің параметрлерін де ашық көрсетіп қойған. Ол өз қызметінің әр сағатын 40-80 мың теңгеге бағалайды.

Айта кететіні, желіде Гаянэның тұрақты келушілері де бар. Тіпті, кейбіреуі транссексуалдың суретінің астына "ұмытылмас түндері" туралы естелік жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1726489-astanany-e-slu-transseksualy-erkekterdi-esten-tandyrdy-foto-video/

pixel