RU

Бойжеткенмен жалдамалы пәтерге барған шымкенттік жігіт санын соғып қалды

Шымкент қаласының 27 жастағы тұрғыны 2 сәуір күні ІІБ-на орын алған ұрлыққа қатысты шағым түсірді деп хабарлайды ОҚО ІІД-не сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Liputan6.com
Фото: Liputan6.com: UGC

Оның айтуынша, таныс қызы жалдамалы пәтерден 80 мың теңге көлеміндегі қаражат пен 90 мыңдық ұялы телефонды қолды еткен.

Тәртіп сақшылары жігітті тонап кеткен бойжеткенді бірден тауып алыпты. Ол ұрлық жасады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі таңда оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1726492-bojzetkenmen-zaldamaly-pterge-bargan-symkenttik-zigit-sanyn-sogyp-kaldy.html