RU
Жұлдыз-жорамал: Сәуір айында сізді не күтіп тұр?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жұлдыз-жорамал: Сәуір айында сізді не күтіп тұр?

Рассказать Вконтакте

2018 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз-жорамалды NUR.KZ порталы planetanovosti.com сайтына сілтеме жасап назарға ұсынады.

Жұлдыз-жорамал. Көрнекі фото: СТБ

Жұлдыз-жорамал. Көрнекі фото: СТБ

Тоқты – сәуір айында сізді жұмыста жоғарылау күтіп тұр, сонымен қатар жеке өміріңізді де ретке келтіре аласыз. Ал бұлай болмаған жағдайда барлығын бақылауға алғаныңыз жөн.

Торпақ – көктемнің екінші айы сіздің жүйкеңізге қатты әсер етуі мүмкін. Барлығы тек сіздің қалағаныңыздай болмайды. Дегенмен, жұмыс жасауды тоқтатпаңыз, әйтпесе ең мағызды нәрседен айырылып қалуыңыз мүмкін.

Егіздер – сәуірде ескі шаруаларыңызды аяқтаңыз, жаңа бастамалар аздап күте тұрғаны абзал. Қаржы мәселесіне мұқият болыңыз, әйтпесе тақырға отырып қалуыңыз әбден мүмкін.

Шаян – ұжымдастарыңызбен немесе клиенттермен келіспей қалуыңыз мүмкін. Ұрыс-керістен барынша аулақ жүріңіз.

Арыстан – жұмыста сәтсіздікке ұшырауыңыз мүмкін, бірақ осы айда жаңа достар табасыз. Сонымен қатар қаржы мәселелері оңай шешім таппақ.

Бикеш – осы айда сіз ашу мен ызаға жиі берілетін боласыз, сізді қоршаған адамдармен қарым-қатынасыңызды сақтап қалуға тырысыңыз.

Таразы – айдың басында үлкен ұрыс-керістер болуы мүмкін, тіпті салдарынан жұмыстан айырылуыңыз да ғажап емес. Ал айдың екінші жартысында жаңа бастамаларға жол ашық болмақ.

Шаян – жол апаты мен қылмыскерлермен байланыс жасаудан аулақ болыңыз. Жақындарыңызбен қарым-қатынас ешқандай қиындық тудырмайды.

Мерген – көкек айы сіз үшін жақсы таныстықтар мен жаңа қарым-қатынастар дайындап қойды, тек айдың соңына қарай жоспардан тыс мәселелер туындауы мүмкін.

Тауешкі – бұл айда энергия мен күшіңіз шексіз болады. Дегенмен, отбасыңызға көбірек көңіл бөліңіз.

Суқұйғыш – айдың басында аздаған сәтсіздіктерге тап болуыңыз ықтимал. Дегенмен, жалғыз басты суқұйғыштар өмірлік серігін осы айда табады.

Балықтар – сәуір айы өзгерістерге толы болмақ. Сондықтар жағдайды бақылаудан шығармаңыз. Сонымен қатар ақшаға бас-көз болыңыз, әйтпесе қолда бардан айырылуыңыз мүмкін.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel