RU
Қытай елі Ресейдің зымыранынан да жойқын әскери техника ойлап тапты
Жаңалықтар Әлемде

Қытай елі Ресейдің зымыранынан да жойқын әскери техника ойлап тапты

Рассказать Вконтакте

Америкалық БАҚ Қытай әскерінің ресейлік "Кинжал" зымыран кешенінен де мықты аэробаллистикалық зымыран ойлап тапқанын анықтаған. Басылым беттеріндегі мәліметке сәйкес Қытай әскері оны тексеруден өткізіп те үлгерген деп хабарлайды russian.rt-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

АҚШ тарапы CH-AS-X-13 деген ат берген зымыранды 2016 жылы және биылғы жылдың басында сынақтан өткізіп көрген. Мамандардың айтуынша, әскери техниканың оқ ату радиусы алты мың шақырымға дейін жетеді екен.

Айта кетерлігі, мұндай теңдессіз аэробаллистикалық зымыран тек Қытайда ғана емес Ресейде де бар. Оны биылғы жылдың 1 наурызында Ресей Президенті Владимир Путиннің өзі таныстырған еді. Аталған зымыранға ресейліктер – "Кинжал" деп ат қойған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel