RU
«Қарағанды аруы» атанған бойжеткеннің үстінен іс қозғалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

«Қарағанды аруы» атанған бойжеткеннің үстінен іс қозғалды

Рассказать Вконтакте

«Қарағанды аруы – 2015» тәжін жеңіп алған Рената Нұрғазина полицияға тіл тигізіп, сот алдынан бір-ақ шықты деп хабарлайды Today.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Рената Нұрғазина. Фото: Егемен Қазақстан

Рената Нұрғазина. Фото: Егемен Қазақстан

Анықталғандай, сұлулар байқауының жүлдегерін жол-патрульдік полициясы қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін тоқтатқан.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хат толтырып жатқан полицияны бойжеткен ұялы телефонының камерасына түсіріп, оған балағат сөз қосып, түсірілген видеоны Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген.

Рената Нұрғазинаның оқырмандарының бірі видеоны ішкі істер департаментіне жіберіп, полициядан тексеруді сұрайды.

Роликті жіті тексерген тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қазіргі уақытта "Өз міндетін атқарып жатқан билік өкіліне тіл тигізгені үшін" бабымен Қарағандының ең әдемі аруы тергеліп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
3
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel