RU
Әйгілі Болливуд киелі Маңғыстау жері туралы фильм түсірмекші
Жаңалықтар Кино и ТВ

Әйгілі Болливуд киелі Маңғыстау жері туралы фильм түсірмекші

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тұғжанов бриффинг барысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып берді. Ол жақында Болливуд режиссерлерінің Маңғыстау туралы кино түсіретінін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: voxpopuli.kz

Фото: voxpopuli.kz

"Біз әлі күнге дейін мешіттердің нақты қай ғасырда пайда болғанын білмейміз, ал жер асты мешіттерінің тарихы IX ғасырдан да әрі жатқаны сөзсіз. Кім осы сұраққа көз жүгіртті?", - деді әкім.

Ол қазір 40-қа жуық жер асты мешітінің, тек 19-ы жұмыс істеп тұрғанын айтып, "қалғандарын тазалау керек" деп тапсырма берді.

"Егер сіз Сейсем-Ата мазарына барып көрсеңіз, ол жердің нағыз пантеонға айналғанын байқар едіңіз. Онда көптеген Ноғайдың батырлары мен танымал адамдар жерленген", - деді әкім.

Оның айтуынша, бірнеше компанияларға, тіпті үндістандық кино түсірушілерге ұсыныс жасап көріпті. Тіпті Болливудтық түсірілім тобымен алдын-ала келісім шартқа отырып қойған екен. Облыс басшысы жиында журналистерді түсірілім жұмыстарына қатысуға шақырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel