RU
Ақтөбеде «Нұрлы жол» бойынша ашылған жаңа мектеп құлайын деп тұр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде «Нұрлы жол» бойынша ашылған жаңа мектеп құлайын деп тұр (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде «Нұрлы жол» бағдарламасымен ашылған жаңа мектеп құлап қалуы мүмкін. Жертөлесі суға толып, екінші қабатынан қар суы құйылып кеткен мектепте 300 бала білім алып жатыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде «Нұрлы жол» бойынша ашылған жаңа мектеп құлайын деп тұр (фото)

Ақтөбеде «Нұрлы жол» бойынша ашылған жаңа мектеп құлайын деп тұр (фото)

Ақтөбе қаласына қарасты Ақшат ауылы тұрғындарының көңілі су сепкендей басылған. Жаңа жыл алдында ғана пайдалануға берілген 300 орындық су жаңа №67 мектеп ауыл тұрғындарының уайымына айналды.

Тұрғындар бірнеше апталап жөртөлесі суға толып кеткен мектепке баратын балалары үшін алаңдап отыр. Екі аптадан аса уақыт өтсе де, мектеп әлі тазартылмаған.

«Мектептің салынғаны жақсы-ау. Бірақ, жан-жағына салынатын жыралар ойластырылмаған. Су кеткен жер болғаннан кейін құлайды ғой. Мектеп тез салынды. Бір жазда салып тастады. Ойдай ақша кетті. Енді оны тағы дұрыстау керек. Судың бағытынан бастап дұрыстау керек. Баламызды мұндай мектепке жіберуге қорқамыз. Бірақ, басқа қайда барады», - дейді ата-аналар.

Мектептің құрылысына бюджет есебінен 864 млн теңге кеткен.

Ақтөбеде «Нұрлы жол» бойынша ашылған жаңа мектеп құлайын деп тұр (фото)

Ақтөбеде «Нұрлы жол» бойынша ашылған жаңа мектеп құлайын деп тұр (фото)

Аз ғана уақыт ішінде сапасыз салынған білім ордасының ішінің де жағдайы мәз емес. Мектеп басшысының өзі қар суының құйылып кеткенін айтып берді.

«Ақшат елді мекеніндегі №67 жалпы білім беретін орта мектеп 2017 жылдың 27 желтоқсанында ашылды. Балалар үшінші оқу тоқсанынан бастап қабылданды. Мектеп жарық, кең. Қазіргі таңда су жертөлеге толып кетіп тұр.

28 наурыз күні қардың еруінен болды. Қазіргі уақытта мектепке жауапты мердігер компания жұмыс жасап жатыр. Біз бұл туралы барлық жерге қызметтік хат жаздық.

Қазіргі уақытта қалалық әкімдік бізге қажетті жыраны салып береміз деп отыр. Мектебіміз екі жылға кепілдік мерзімде.

Осы уақыт ішінде мердігер компания жауап береді. Екінші қабатта суағарлардың дұрыс жұмыс жасамауынан су ағып кетті. Бірақ, оны мердігер компания жөндеп жатыр», - дейді №67 жалпы білім беретін орта мектеп директоры Нұржамал Сайлауқызы.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
2
2
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір