RU
Қазақстанда қыздарға жыныс мүшесін көрсетіп, қоңырау шалатын азаматтар көбейген
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда қыздарға жыныс мүшесін көрсетіп, қоңырау шалатын азаматтар көбейген

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне оқырман хат жолдап, түнгі уақытта мазасын алып, берекесін қашырған белгісіз адам туралы айтып берді. Ол видео байланыс арқылы қоңырау шалып, әуретті жерін көрсетеді екен.

Көрнекі фото: Pics.ru

Көрнекі фото: Pics.ru

Мадина (ред. - есімі өзгертіліп берілді) жолдасымен бірге тұратын, тұрмыстағы әйел. Осыған қарамастан, түнгі уақытта оған белгісіз азамат қоңырау шалып, жиі мазалайтын көрінеді.

"Түн ішінде 8 771 847 81 98 деген нөмірден маған қоңырау шалып, "WhatsApp-қа кірші, маңызды нәрсе айтуым керек" деді. Жақындарыма бір нәрсе болып қалды ма деп қорқып, бірден желіге қосылдым. Сөйтсем әлгі азамат видеодан әуретті жерін көрсетіп тұр. Тұтқаны қойып қойсам, "менімен сөйлеспесең, үйіңе барамын" деп қорқытады. Мүмкін мені аңдып жүрген адам ба, білмеймін", - дейді ол.

Айтуынша, мазасын алған нөмірді "қара тізімге" қосып қойса да, жасырын нөмірлермен хабарласып, тыныштық бермейтін көрінеді. Ыңғайсыз жағдай келіншектің отбасында да қолайсыздық туғызған.

"Сол азаматтың кесірінен күйеуім екеуміздің арамызда түсінбестік пайда болды. Әриине, ер адам болған соң қызғанады. Ал тұтқаның арғы жағындағы жігіт кім екенін мүлдем айтпайды.

Мұндай жағдай құрбыларымның да басында жиі кездесіп жүр екен. Олар соңғы уақытта "ұятсыз абоненттердің" көбейіп кеткенін айтуда", - дейді Мадина.

Белгісіз біреудің қоңырауынан үрейі қашып, таныштығынан айырылған келіншек енді полицияға шағымданамын деп отыр. Мәселенің шешімі мен құқық қорғау органдарының әрекеттілігін алдағы уақытта жариялайтын боламыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
14
5
1
2
5
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір