RU
Жол апатында екі аяғынан айырылған келіншекті күйеуі тастап кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Жол апатында екі аяғынан айырылған келіншекті күйеуі тастап кеткен

Рассказать Вконтакте

27 жастағы қазақстандық азаматша жол апаты салдарынан екі аяғынан бірдей айрылып қалды. Ол аздай қайғылы оқиғадан кейін күйеуі мүгедек әйелді керексінбей тастап кеткен. Азаматша мұндай қиыншылықтарға да мойынсұнбауға тырысып жүр. Енді ол аяғына "протез салдыртамын" деген арманына қол жеткізуге барынша тырыспақ деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: region-eurasia.com

Фото: region-eurasia.com

Айсұлу Сүлейменованың өмірін түбегейлі өзгерткен қайғылы оқиға оның 20 жасында орын алған. Ол ағаларымен әкесінің жаназасынан қайтып келе жатқанда көлік апатына ұшырайды.

Ағаларының біріне көмек қажет болған соң, Айсұлу көліктен шығып жедел жәрдем шақырғалы тұрған. Алайда аяғын жерге баса бергенде жоғарғы вольтты тоқ санаулы секунд арасында қыздың дене бойына таралып кетеді.

Дәрігерлер қыздың 4-ші дәрежелі күйік алғанын айтып, емдеуге қауқарсыз екендіктерін жеткізді.

Қайғылы оқиғадан кейін мүгедек болып қалған Айсұлуды күйеуі керексінбей, ұлы екеуін тастап кетіпті. Әйелдің айтуынша, ұлы оған ерекше күш қуат беріп аяққа тұруына септігін тигізген.

Өмір қиыншылықтарына мойынсұнбаған ол протез киіп қайта жүріп үйренді. Тіпті ақсаңдап жүрген қыздың аяғы протез екенін Айсұлудың әріптестері де білмей қалған.

Фото: region-eurasia.com

Фото: region-eurasia.com

Қазіргі таңда мүгедек әйелдің жағдайы нашарлаған. Ескі протез кесірінен оның аяғында іріңдеу басталған екен. Қарағандыдағы Мақажанов ауруханасында 27 жастағы әйелге ота жасалынбақшы.

Алайда, жаңа протездер салынбайынша ол жаңаша өмір бастай алмайды.

Бүгінгі күні протез салдыру әйелдің басты арманына айналған. Айсұлудың болашақтан үміті зор. Ол аяққа тұрып, ұлының қызығын көргісі келеді.

Бағына орай, түрік компаниясы арқылы небәрі 13 200 долларға протез салдыруға мүмкіндік туындаған. Ал Германиядағы дәл осындай протез салдыру бағасы 45 000 доллардан бастау алады. Сүлейменовтар отбасы үшін бұл қол жетпес қаражат.

Айсұлудың жағдайынан хабары бар барлық жақын туыстары, әріптестері қаржылай көмектесіп, анасы үлкен соммалы несие алды. Бірақ жиналған қаржы ота жасауға әлі де жеткіліксіз. Енді екі миллион теңге көлеміндегі қаражат жетіспей отыр.

Сол себепті, 27 жастағы әйелдің басынан өткен оқиғасымен желі қолданушылары бөлісіп, белсенді түрде қаржылай көмек беріп жатыр. Оған қоса басқа адамдарды да көмек қолын созуға шақыруда.

Егер сіз де Айсұлу Сүлейменоваға көмектескіңіз келсе, оның анасы Сүлейменова Тұғанай Кеңесқызының есепшотына ақша аударуыңызға болады. ЖСН - 700201401221

Карта Kaspi Gold - 5169 4901 6574 5

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
3
24
2
2
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel