RU
Астанада 23 жастағы шымкенттік кәсіпкер мұқтаж жандарға тегін азық-түлік таратты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада 23 жастағы шымкенттік кәсіпкер мұқтаж жандарға тегін азық-түлік таратты (фото)

Рассказать Вконтакте

23 жастағы шымкенттік кəсіпкер тұрмысы төмен бір топ елордалық отбасыға азық-түлік таратып, көпшілікті тəнті етті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкенттік

Бекжан Нəлібаев - жасы небәрі 23-те болса да, өз бизнесін тəп-тəуір дөңгелетіп отырған кəсіпкер. 20 жасында көкөніс өсіріп, оны Астанаға тасыған бозбала тұрмысы төмен жаұяларға көмектесуді де ұмыт қалдырмайды.

"Мешітке келіп, астаналық 20-ға жуық отбасыға азық-түлік тараттық. Алдағы уақытта Астанадағы қарттар үйінің қарияларын Көкшетаудағы демалыс кешендерінің біріне тынықтыруға жібереміз бе деген жоспар бар. Қазақ ешқашан жетімін жылатпаған халық, соларға шамамыз келгенше қолдау көрсетсек, азаматтық парызымыз орындалады деген сенімдемін", - дейді жас кəсіпкер.
Шымкенттік

Бекжан Нәлібаев. Фото: nur.kz

Бизнесмен жеміс-жидек сатумен қатар, жолаушы тасымалымен шұғылданады екен.

"Шымкентте кейіннен лимон өсіріп, Астанаға таси бастадық. Сондай-ақ, Шымкент-Арыс бағытында адам таситын шағын компаниямыз бар", - дейді Бекжан Нəлібаев.

Кəсіпкердің бүгінгі шарасына алғыс айтқан жандар да аз болмады.

Шымкенттік
"5 балам бар, жолдасым құрылыста жұмыста. Өзім баламен үйдемін. Осында айына 50 мың теңге төлеп, времянка жалдап тұрамыз. Бекжан бауырымыздың қайырымдылық шарасын естіп келіп қалдық. Барлық жақсылығы бір Алладан қайтсын", - дейді көпбалалы ана Сандуғаш Мырзабекова.

Шымкеннтік жігіттің бұл бастамасына мешіт имамдары да қолдау көрсетіп отыр.

Шымкенттік

"Алдағы уақытта жас кəсіпкерлер тұрмысы төмен жанұялар мен жетім-жесірлерге арнап қайырылымдылық қорын ашпақ. Енді мұндай шаралар айына 3 рет өтеді деп күтіліп отыр. Шараны мешітте өткізуіміздің басты мақсаты- тұрғындарды бес уақыт намазға жығылуға шақырып, қайырымды жандардың бар екенін көрсету", - дейді "Əл-Ғани" мешітінің бас имамы Бағдат Абдукаримов.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
1
31
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір