RU
Аңшылықта жүрген атыраулық азамат қасқыр деп ойлап адамды атып түсірген
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Аңшылықта жүрген атыраулық азамат қасқыр деп ойлап адамды атып түсірген

Рассказать Вконтакте

Атырау облысында сот аңшылық кезінде адамға оқ ату ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Аңшылықта жүрген атыраулық азамат қасқыр деп ойлап адамды атып түсірген

Аңшылықта жүрген атыраулық азамат қасқыр деп ойлап адамды атып түсірген

Атырау сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамға қылмыстық кодекстің "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян тигізу" бабы бойынша айып тағылды.

Оқыс оқиға биылғы жылдың қаңтарында болған. Сотталушы досымен бірге Атырау маңындағы орманға аң аулауға барады.

Бір уақытта ағаштың түбінде отырған ол 30 метрдей жерде қасқырға ұқсас екі сұлбаны байқап қалған.

Аңшы оның қасқыр екеніне көз жеткізбей, бұтақ жаққа қарай оқ атады. Адамның даусы шыққан соң жүгіріп барған ол жерде қансырап жатқан ер адамды көреді.

Сот айыпталушының кінәсін толық мойындауын, бұрын сотталмағанын ескере отырып, бостандығын бір жылға шектеу туралы шешім шығарды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
1
7
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір