Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік оқушы бірден АҚШ-тың үздік 12 университетіне шақырту алды

Опубликовано:

Шымкентте Ақарыс Егізбай есімді оқушы бір мезетте АҚШ-тың үздік елулігіне енген 12 университетінде оқуға шақыру алды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкенттік оқушы бір мезетте АҚШ-тың үздік 12 университетіне шақыру алды
Ақарыс Егізбай. Фото авторы: Әйгерім Бегімбет: UGC
Шымкенттегі химия-биология бағытында білім беретін Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Ақарыс Егізбай оқу жылы аяқталмай жатып жоғары білім алу үшін әлемнің танымал білім ұяларынан шақырту алды.

Шымкенттік оқушыға шақырту жіберген оқу орындарының қатарында Bates, Colby, Franklin and Marshall, Kenyon, Richmond және тағы басқалары бар.

Үздік оқушы, «Алтын белгіден» үміткер Ақарыс Егізбай үш тілді еркін меңгерген.

Көпбалалы отбасынан шыққан ол әзірге қай университетті таңдарын білмейді.

Белгілісі, ол болашақта инженер маманы болуды көздеп отыр.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1726626-symkenttik-okusy-birden-aks-ty-zdik-12-universitetine-sakyrtu-aldy/

pixel