RU
Жамбылда құдай үйін қорлаған азамат қолға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Жамбылда құдай үйін қорлаған азамат қолға түсті

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысына қарасты Қайнар ауылының мешітін қиратқан азамат қолға түсті деп хабарлайды "КТК" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тараз мечеть. Фото: центральная мечеть Тараз

Тараз мечеть. Фото: центральная мечеть Тараз

Бұл видео әлеуметтік желіде кең таралған болатын. Түсірген адамның айтуынша, аталмыш азамат қасиетті ғимаратты әбден қорлаған.

Яғни, мұндағы есік-терезелер мен мүліктердің түгін қалдырмай шашып, қиратқан. Тіпті, киелі Құранды "аяққа таптады" деген күдік бар. Ал осы бұзақылыққа барған адам Қайнар ауылының тұрғыны болып шықты. 43 жастағы ер адам өзінің мас болғанын айтып ақталған.

Айта кетейік, ол осы әрекеті үшін әкімшілік жауапқа тартылып, үш күнге қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз
3
4
7
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel