RU
Полицейді балағаттаған "Қарағанды аруы" не үшін мұндай қадамға барғанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Полицейді балағаттаған "Қарағанды аруы" не үшін мұндай қадамға барғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Полицейді балағаттап, ісі сотқа жеткен "Қарағанды аруы – 2015" Рената Нұрғазина өзінің бұл қадамға неліктен барғанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Рената Нұрғазина. Фото: Instagram

Рената Нұрғазина. Фото: Instagram

Бойжеткеннің айтуынша, бұл оқиға 8 наурыз күні болған. Мерекені атап өтуге құрбысымен кафеге аттанған оны, жол полициялары тоқтатады.

"Мені көліктің жарығы қосулы тұрмағаны үшін тоқтатты. Содан соң құжаттарды толтырып, көптеген сұрақ қойды. Мен оларды видеоға түсіріп, Instagram парақшама салдым. Сол сәтте қатты ашулы болғаныммен, артынша видеоны өшіріп тастағанмын. Бірақ, менің бір оқырманым оны жүктеп үлгеріп, ішкі істер министрлігіне жіберген. Ол қызға не істегенімді білмеймін. Енді соның кесірінен қаншама мәселе туындады", - деді қарағандылық ару.

Сондай-ақ осы оқиғаның барлығы өзіне ауыр тигендіктен, Нұрғазина Instagram парақшасын өшіруі мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын "Қарағанды аруы – 2015" атанған бойжеткеннің полиция қызметкерлерін балағаттаған ісі тергеуге жеткенін мәлімдеген болатынбыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
14
1
1
0
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel