RU

Еліміздің бас мүфтиі бақытқа бөлейтін үш себепті атады (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Құлсары қалалық мешітте ақшам намазынан кейін жамағатқа уағыз айтты деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мүфти. Фото:muftyat.kz
Мүфти. Фото:muftyat.kz: UGC

Бас мүфти өз уағызында адамды бақытқа жетелейтін үш негіз туралы атап өтті.

Фото:muftyat.kz
Фото:muftyat.kz: UGC

"Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде адамды өмірде бақытты ететін үш нәрсе айтылады. Ол, біріншіден - салиқалы әйел. Екіншіден - жақсы көлік. Үшіншіден - кең үй. Міне, осы үш игілікке қол жеткізген адам, өмірде бақытқа бөлене бастайды.

Мүфти. Фото: NUR.KZ.
Мүфти. Фото: NUR.KZ.: UGC

Алайда жақсы үйің бола тұрып, оның ішінде салиқалы әйелің болмаса немесе таяныш болар ер азаматың болмаса – өмірдің өзі баянсыз. Баспаналы болып, бақытын таба алмай жүргендер қаншама?! Сондықтан, қамшының сабындай қысқа өмірдің мәні – ізгілік пен имандылықта", – деді Серікбай қажы Ораз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1726637-elimizdi-bas-mftii-bakytka-blejtin-s-sebepti-atady-foto.html