RU
Семейліктер қайын атасы өлтірген келіншекті ақтық сапарға шығарып салды
Жаңалықтар Қоғам

Семейліктер қайын атасы өлтірген келіншекті ақтық сапарға шығарып салды

Рассказать Вконтакте

27 жастағы Ақерке Қозыкешованы ақтық сапарға аттандыруға күллі Семей жұрты келді. Келіншектің отбасы, достары және жақындары. Тек бұрынғы күйеуінің туысқандары ғана болған жоқ деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Ақеркені жерлеу рәсіміне оның жақын туыстарымен қатар тіптен таныс емес адамдар келіп атсалысты.

27 жастағы ананың бетін жауып жерлеген. Оның өмірін қиған қайын атасы жас келіншектің бетінде сау жер қалдырмаса керек.

Қайғылы жағдай Орал қаласында орын алды. Баласын алып кетуге барған әйелді жалдамалы пәтерінде қайын атасы аяусыз соққыға алып, артынан пышақтап өлтірген. Қылмысынан кейін ол полиция бөлімшесіне өзі барып жасаған сұмдығын айтып берген.

Алайда Ақеркенің туыстары бұл қылмысты ер адам жалғыз өзі жасады дегенге сенбейді. Олардың ойынша, қайын атасының сыбайластары бары анық.

Жарық дүниемен қош айтысқан ананың артында екі баласы қалды. 9 жасар қыз бен екі жасар ұл бала.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Балалардың өмірі үшін шырылдап жүрген Ақеркенің туыстары қалай болса да оларды заңды түрде өз қамқорлығына алуға тырыспақ.

"Немересінің анасын аямағандар балаға қандай тәрбие береді? Әлішерді көрген сайын олар Ақеркені еске алып тұрады. Баланың әкесі бірнеше мәрте істі болды, атасы сотталды. Баланы қылмыскерлер қолында тәрбиленуіне жол бермейміз", - деп айтты марқұм әйелдің жақыны Райхан Абдрахманова.

Алайда ата-ана құқығынан айырылмаған әкеден баланы тартып алу оңай шаруа емес. Енді бар үміт сот органында дейді қайғыдан қан жұтқан туыстары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
8
15
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір