RU
"Күнə екенін білемін": Үсеновтің бұрынғы ғашығы өзге əйелге үйленген əкесі туралы айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Күнə екенін білемін": Үсеновтің бұрынғы ғашығы өзге əйелге үйленген əкесі туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Денесіне бірнеше рет пластикалық операция жасатқан Айдана желіде Аделя Ким лақап атымен танымал. Жақында жетінші арнадағы «Өз ойым» бағдарламасына қонақ болып келген бойжеткен денесіне жасаған операциялар мен әкесі туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Желі жұлдызы төсіне, қабағына операция жасатқан және екі жылдан бері ернін үлкейту үшін 4-5 ай сайын тұрақты түрде арнайы екпе салдырады. Сондай-ақ, 25 жастағы Айдана денесіне жеті рет сурет салдырған. (татуировка)

Ол денесіне операцияны алғаш рет 2013 жылы жасатыпты. Бірінші отаны төсін үлкейту үшін жасаған ол 2014 жылы көз пішінін өзгерту үшін қабағына блефоропластика жасатқан. Ал соңғы екі жылдан бері ернін үлкейту үшін арнайы екпе салдырып тұрады екен.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Қазір Айдана бизнеспен айналысады: Қазақстан бойынша үш дүкені бар. Айтуынша, жақында төртіншісі ашылады. Әзірге тұрмыс құрмаған, бірақ сүйіктісі бар. Жеке кәсібін өзі дөңгелетіп отырған ол жақында әкесіне көлік сыйлағанын айтты.

Ал Айдананың жеке өзінде үш көлік бар. Сонымен қатар, Айдана қайырымдылықпен де айналысады. «Аяла» атты жетімдер үйінің түлектеріне қолдау көрсететін қордың негізін қалаушы.

Бойжеткен осыдан он жыл бұрын анасынан айырылған, содан соң әкесі екінші рет үйленген. Әкесінің қылығына шыдай алмаған ол Қарағандыдан Алматыға келеді. Сол уақыттан бастап бойжеткеннің өмірінде өзгерістер орын алған. Ол əуелде мейрамханаларда даяшы, бильярд залында маркер болып жұмыс жасайды

Кейін өзінің жеке кәсібін ашқан. Эфир барысында шариғат бойынша денеге тиісуге болмайтынын атап өткен имамға Айдана былай деп жауап берді:

“Ол кісінің айтуы парыз екенін мен білемін. Денемізді бізге Алла Тағала аманат етіп бергенін мен жақсы білемін, бірақ сонда да бұл менің шешімім. Күнә екенін білемін, бірақ оған өзім жауап беремін. Оған қорықпаймын”, – деп түсіндірді ол.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
22
2
6
3
3
15
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір