RU
АҚШ Сирияға жасаған алғашқы соққысын аяқтады
Жаңалықтар Әлемде

АҚШ Сирияға жасаған алғашқы соққысын аяқтады

Рассказать Вконтакте

Құрама штаттардың қорғаныс министрі Джеймс Меттис Сирияға бағытталған алғашқы шабуылдың аяқталғанын мәлімдеді деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Оның айтуынша, қайтадан шабуылдау әзірге жоспада жоқ. Алайда болашақта қайта соққы жасауды ол жоққа шығармады.

Бүгінгі соққы былтырғы шабуылмен салыстырғанда әлдеқайда қуаттырақ әрі жойқын болған. Басты нысанада химиялық қару өндіретін ауданға бағытталды.

"Былтыр жіберілген хабарламаны Сирия президенті елемеді. Бүгін біз өз одақтастарымызбен біріге отырып жойқын соққы жасадық. Асадқа тағы да бір мәрте ескерту жасадық. Олар химиялық шабуыл жасамаулары керек", - деп айтты АҚШ Қорғаныс министрі.

Джеймс Меттис соққы кезінде АҚШ тарапынан қаза тапқандар болмағанын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
5
9
2
1
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір