RU
Ресей: Сирияның бейбіт өмір сүруге мүмкіндігі болды
Жаңалықтар Әлемде

Ресей: Сирияның бейбіт өмір сүруге мүмкіндігі болды

Рассказать Вконтакте

Ресей федерациясының Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Cирияға жасаған жойқын әуе соққылары жөнінде пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Министрліктің баспасөз хатшысы Мария Захарова шабуылдың елде енді ғана орнап жатқан бейбіт өмір кезінде жасалғанын айтты.

"Құрама штаттар өз іс-әрекеттеріне толықтай жауапкершілік тарту керек. Олар бұл шабуылды ресми емес, баспасөздегі мәліметтерге сүйене отырып жасады", - дейді баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, әуе соққыларының басты мақсаты Сирия аумағындағы химиялық қару өндіретін орталықтарды жою болды.

Ал басты нысаналар қатарында Ярмук және Сувейда базалары, Дханха қоймасы, Дамаск әуежайы аумағындағы мекемелер және "Даръя", "Тель Мари" ирандық базалар болса керек.

Алайда ақпарат құралдарында бұл аймақтан техника мен адамдар алдағы аптада көшіріліп қойғаны туралы мәлімет шықты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
3
2
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір