RU
Сирияға жасалған шабуыл АҚШ сенатында заңсыз деп танылды
Жаңалықтар Әлемде

Сирияға жасалған шабуыл АҚШ сенатында заңсыз деп танылды

Рассказать Вконтакте

АҚШ президенті Дональд Трамп әуе соққысын жасауда Конгресс келісімін ала алмағандықтан бұл заңсыз шабуыл деп есептейді америкалық сенаторлар деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: bbc.com

Фото: bbc.com

"Дональд Трамп әуе соққыларын Конгресс келісімінсіз жасау туралы шешімі заңсыз болып саналады. Бүгін бұл Сирия. Алайда ертен Иран немесе Солтүстік Кореяға қарсы шықпайтынына кім кепіл?", - деп айтты сенатор Тим Кейн.

Оның айтуынша, ел басшыларына өз бетінше соғыс бастауға қатаң тыйым салу керек.

Тим Кейннің әріптесі Джефф Меркли де Трамп шешімін сынға алды.

"Біз Ауғанстан мен Иракта жүріп қауіп-қатерлерге бейімделдік. Егер ел президенті соғыс ашу шешімін қабылдаса, онда Конгресс пен мемлекет халқы оның шешімінің бір бөлігі болуы тиіс", - деп айтты сенатор.

Айта кетейік, бүгін Америка Франция және Ұлыбританиямен одақтаса Сирияға әуе соққыларын жаудырды. Шабуылдың басты мақсаты - Сирия аумағында химиялық қару өндіретін мекемелерді жою болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel