RU
Туған баласын 20 мың долларға сатпақ болған әйел тұтқынға алынды
Жаңалықтар Қоғам

Туған баласын 20 мың долларға сатпақ болған әйел тұтқынға алынды

Рассказать Вконтакте

Люцифер есімді тоғыз айлық сәби Алматыға оралды. Енді ол өзінің әкесімен тұратын болады. Ал ұлын саудалаған жауыз ана алматылық деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Тоғыз айлық ұлын Мәскеуге барып 20 мың долларға сатпақ болған әйел тұтқынға алынып, сот отырысын күтуде.

Бұл оқиғаға қатысты істі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өзінің жіті бақылауына алды.

Министрлік өкілі Ануар Жайнақовтың айтуынша, баланың жағдайы қалыпты, ал қылмыскер анаға мамандар тиісті көмек көрсетіп жатыр.

"Сәби қазіргі таңда әкесінің қасында, ер адам баланы өзіне қалдыру өтінішін білдірді", - деп айтты министрлік өкілі.

Айта кетейік, алматылық Юлия Щеглова өзінің туған баласын сатпақ болып Мәскеуге аттанады. Ресейлік тәртіп сақшылары әлеуметтік желі арқылы баласын саудалаған ананы оқиға үстінде ұстап алды. Ең қызығы әйел баланың атын Люцифер деп қойған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel