RU
Трамп: Путин бес жыл бұрын Сириядағы қаруды жоюға уәде еткен
Жаңалықтар Әлемде

Трамп: Путин бес жыл бұрын Сириядағы қаруды жоюға уәде еткен

Рассказать Вконтакте

Сирияға жойқын соққы бағыттар алдында АҚШ президенті телебағдарламаға қатысып, Ресей мен Иранға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: rbc.ru

Фото: rbc.ru

"Иран мен Ресейге айтамын: қай ел мыңдаған кінәсіз балалар мен әйелдердің өліміне байланысты болғысы келеді?
Бір-бірін қолдайтын әлем мемлекеттері өзара дос саналуы мүмкін. Алайда ешбір ел аяусыз жауыздар мен қылмыскерлерге толы мемлекетті қолдау арқылы ештеңе де ұтпайды", - деді АҚШ басшысы.

Дональд Трамп Путиннің бес жыл бұрын берген уәдесінде тұрмағанын айтты. Ресей президенті Сириядағы химиялық қаруды жоюға сөз берген болатын.

"Бүгін ұйымдастырылған соққы Ресейдің сөзінде тұрмау шарасыздығының нәтижесі болды. Ресей маңызды шешім қабылдауы тиіс: не қисық жолмен жүруді жалғастырады, не әлем тұрақтылығы үшін барын салып жүргендерге қосылады", - деп кесіп айтты ол.

Сөз соңында ол Иран мен Ресеймен арадағы қатынастың жақсаратындығына үмітті екенін айтты.

Айта кетейік, бүгін АҚШ Франция және Ұлыбританиямен бірлесе Сирияға қарсы әуе соққысын жаудырды. Басты мақсат - ондағы химиялық қару өндіруші мекемелерді жою.

Алайда, Конгресс келісімін алмаған Трамптың соққы жасау шешімін АҚШ сенаторлары заңсыз деп санап жатыр.

Cондай-ақ әуе шабуылы жөнінде Ресейдің Сыртқы істер министрлігі пікір білдірген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
1
1
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір