RU
Қазақстан халқының орташа еңбекақысы 157 мыңнан асып түсті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстан халқының орташа еңбекақысы 157 мыңнан асып түсті

Рассказать Вконтакте

Статистика комитеті қазақстандықтар алатын еңбекақының орташа көрсеткішін анықтады. Нәтижесінде айлықтың орташа мөлшері 157 930 теңгені құраған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Оған қоса статистикалық мәліметтер жұмысшылар табысы 10%-ға өскенін және жұмыссыздар санының азайғанын мәлімдеді.

Комитеттің хабарлауынша, ақпан айында ең жоғарғы табыс көрсеткішіне 316 мың теңге алған сақтандырушылар мен қаржы қызметкерлері ие болса, ғылыми және техникалық сала жұмыскерлері 303 мың теңге көлемінде еңбекақы алды.

Ал ең аз алатын салалар қатарында: білім - 101 000 теңге, ауыл шаруашылығы - 96 000 теңге.

Телеарнада қызмет ететін журналисттер 157 930 айлық көрсеткішіне сене алмаса керек. Сол себепті олар арнайы экономист маманға жүгінген.

Айдар Әлібаев өз кезегінде, есептеу кезінде әрбір саладағы орташа жалақы мөлшері саналғаннан кейін, осындай сомма шығатынын алға тартты.

Оның айтуынша, егер жалақылардың барлық факторлары қарастырылса, қазақстандықтардың орташа айлығы 700-800 мың теңге арасында болмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
103
5
7
4
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір