RU
Трамптың "ақылды" ракеталарын кеңестік техника қағып түсірді
Жаңалықтар Әлемде

Трамптың "ақылды" ракеталарын кеңестік техника қағып түсірді

Рассказать Вконтакте

Дональд Трамп әлеуметтік желіде мақтанып "су жаңа әрі ақылды" деп сипаттаған ракеталарын сириялық әуе қорғаныс күштері жоғары бағаламады. АҚШ ойлап тапқан жарылғыш кемесін сириялық жауынгерлер кеңестік техника көмегімен қағып түсірген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: dni.ru

Фото: dni.ru

Дни.ру АҚШ президентін мақтаншақ деп атады.

Басылымның хабарлауынша, Америка мен оның одақтастары жіберген 100-ден аса соққылар С-125, С-200, "Бук" және "Квадрат" атты техникалармен қағып түсірілген. Бұл жүйелер 30 жыл бұрын кеңестік одақ кезінде құрастырылған болып шықты. Нақты сандық мәліметтер Ресейдің Қорғаныс министрлігінен алынған.

Айта кетейік, 11 сәуір күні Дональд Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында Ресей тарапынан болған қатерге қарамастан, Сирияға жаңа үлгідегі жойқын әрі "ақылды" ракета жіберетінін мәлімдеген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
38
2
3
2
3
31
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір