RU
Путин: Американың жасап отырғаны террористерді құптауға саяды
Жаңалықтар Әлемде

Путин: Американың жасап отырғаны террористерді құптауға саяды

Рассказать Вконтакте

Ресей басшысының ресми сайтында оның АҚШ тарапынан Сирияға жасалынған әуе соққысы жайлы мәлімдемесі жарияланды. Путин бұл жойқын шабуылдың заңсыз екенін растап отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: kremlin.ru

Фото: kremlin.ru

Бүгін Сирияға жаудырылған әуе соққысы БҰҰ Қорғаныс кеңесінің рұқсатынсыз жасалынып, ұйымның халықаралық құқық нормаларына қайшы келген.

"Ресей Құрама штаттардың әрекетін заңға қайшы деп санайды. Сирияның заңды үкіметіне терроризммен күресу үшін біздің әскери қызметкерлеріміз көмектесіп жатқанын айтпасақ та біледі.
Өз іс-қимылдары арқылы Америка Сириядағы гуманитарлық жағдайды ушықтырып, кінәсіз халыққа жапа шектіріп отыр. АҚШ-тың бұл әрекеті жеті жыл бойына бейбіт жұртшылықты қанап отырған террористерді құптаумен тең", - деп жазылған басшы хабарламасында.

Оған қоса, ресейлік мамандар соққы бағытталған аудандарда болып қайтты. Олардың мәлімдеуінше, жергілікті аймақтардан ешқандай химиялық заттардың қолданысы байқалмаған. Оны тіпті сол аудандарда тұратын адамдар да растап отыр.

Сондай-ақ, мамандардың Сирияға барып жасай бастаған тексерісін аяқтауына кенеттен жаудырылған әуе соққылары кедергі болған.

Ресейлік тараптың ойынша, АҚШ, Франция және Ұлыбритания өз қылығымен күллі халықаралық қатынасқа кері әсерін тигізеді.

"Ресей БҰҰ Қорғаныс кеңесінің жедел отырысын жинамақ. Сирияға жасалған орынсыз әуе соққыларын үлкен талқылаудан өткізуіміз керек", - деді Путин.

Айта кетейік, бүгін АҚШ, Франция және Ұлыбритания жұмылдыра жіберген жүздеген ракеталар Дамасктағы аудандарды бомбылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
24
1
10
8
2
7
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel