RU
Сауль Альвареске допинг дауының сот ісі қарсаңында ота жасалынды
Жаңалықтар Әлемде

Сауль Альвареске допинг дауының сот ісі қарсаңында ота жасалынды

Рассказать Вконтакте

Мексикалық боксшы "Канело" Альвареске допинг дауына қатысты іс тыңдауы қарсаңында ота жасалынды. Операция спортшының белі мен оң жақ тізесіне істелінген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Бұл туралы боксшының өзі Instagram парақшасы арқылы хабарлаған. Ол отадан кейін түсірілген суретті жүктеп операция белі мен оң жақ тізесінде жасалғанын мәлімдеді.

"Үш-төрт аптада тәуір болып кетемін", - деген жазба қалдырған "Канело".

Оң нәтиже көрсеткен допинг сынақтары жөніндегі алдын-ала іс тыңдау процесі алдағы аптада болады. Допинг сынақтарын ол 17 және 20 ақпанда тапсырған.

Тексеру кезінде оң нәтижеге ие болған сынақтарын Альварес бұзылған ет құрамына сілтеді. Енді ол сөзінің растығын сот алдында дәлелдемек.

Айта кетейік, Головкинмен 5 мамырда өтуі тиіс болған кездесу ресми түрде болмайтыны хабарланды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
2
0
1
4
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір