RU
Шымкентте «Бірге жарқыраймыз!» фестивалі аясында 80 мың жеміс ағашы отырғызылды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте «Бірге жарқыраймыз!» фестивалі аясында 80 мың жеміс ағашы отырғызылды

Рассказать Вконтакте

ШЫМКЕНТТЕ «БІРГЕ ЖАРҚЫРАЙМЫЗ!» ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА 80 МЫҢ ЖЕМІС АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында «Бірге жарқыраймыз!» фестивалі аясында «Самал» шатқалында 80 мың жеміс ағашы отырғызылды. Ондағы мақсат – экологиялық мәдениетті насихаттау арқылы Шымкент аймағын түрлендіру, және бір мезетте Қазақстанның оңтүстігін органикалық таза жеміс өнімдерімен қамтамасыз ету.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

38 гектар аумақты алып жатқан шатқалдағы ағаш отырғызу іс-шарасына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты өкілінің кеңесшісі И.Горюнова және қала әкімі Н.Сауранбаев қатысты.

Өңір басшысы қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылын түсіндіріп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

«Шымкент – Қазақстанның ең жасыл қалаларының бірі. Біздің сүйікті қаламызда саябақтар мен гүлзарлар көп. Бұған қоса өңірімізде бірегей «Шатқал» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол бағдарлама мегаполисіміздің айналасында жасыл белдеу қалыптастыруга мүмкіндік береді. Дәл қазір біз осы бағдарлама аясында бой көтерген қаладағы 11 саябақтың бірінде тұрмыз. Алдағы уақытта осындай саябақтар дамып, Шымкент жасыл қала атауын одан әрі нығайта түседі деп сенеміз», – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Аталған акция БҰҰ-ның Даму бағдарламасының қолдауымен Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының ұйымдастыруымен Астана қаласында 30 наурыз күні бастау алған болатын. Іс-шара барысында фестиваль эстафетасы Шымкент қаласына берілді. Осының аясында бүгін акция Оңтүстікте «Шымкент – менің қалам – менің бақшам!» атты бірыңғай ұранымен өткізілуде.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Фестивальдің ашылуы «Бірге жарқыраймыз!» әнұранымен басталса, жастарға «Энергиялық тиімді технологиялар әлеміндегі ойындар» квесті ұйымдастырылды. Фестиваль қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен кең ауқымды флешмобпен аяқталды.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Сондай-ақ, Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры Қазақстандағы колледжер, мектептер мен балабақшалар үшін экологиялық білім беру бағдарламаларын жүзеге асырмақ. Бүгінде аталған іс-шара қаладағы бірқатар білім ошақтарында ұйымдастырылды.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Айта кетейік, «Бірге жарқыраймыз!» фестивалінің эстафетасы Ақтөбе қаласына жолданды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel