RU
Мәслихат депутаты Мұхтар Шахановтың қарыздарын төлеп беруге дайын екенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Мәслихат депутаты Мұхтар Шахановтың қарыздарын төлеп беруге дайын екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Танымал кәсіпкер әрі Алматы қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген Мұхтар Шаханов пәтерінің коммуналдық қызметі бойынша жинақталған қарыздарын өтеп беруге даяр. Оған қоса ол әйгілі қазақ жазушысы үйінің жыл соңына дейінгі шығынын төлеп бермек деп хабарлайды ztb_kz парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Жақында халық жазушысы, еліміздің сыйлы қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов қатысқан сұхбат шыққан болатын. Әңгіме барысында ол бірнеше ай пәтерінің ақшасын төлеуге қауқарсыз болған. Сол себепті біршама қарыздарға кіргенін айтты.

Алайды оларды қайтару оған қиындық туғызды. Шаханов алатын жалақы 130 мың теңгені ғана құрайтыны белгілі болды. Оған қоса туған-туыс бауырларын қамтамасыз етуді танымал ақын міндетім деп санайды.

Мұхтар Шахановтың жағдайынан хабардар болған отандық кәсіпкер бірден оған көмек қолын созғысы келгенін айтты. Қайрат Құдайберген енді қоғам қайраткерінің қарыздарын жауып қана қоймай, пәтерінің шығынын бір жылға төлеп тастауға дайын екенін жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
16
2
4
11
3
161
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір