RU
Қазақстан Сириядағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстан Сириядағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров кеңестің АҚШ, Франция және Ұлыбританияның Сирия нысандарына зымыранмен соққы жасауына орай шұғыл шақырылған отырысында мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қайрат Омаров. Фото: Sputnik Қазақстан

Қайрат Омаров. Фото: Sputnik Қазақстан

"Қазақстан Сириядағы ахуалдың ушыға түсуіне байланысты өзінің барынша алаңдаушылық танытып отырғандығын білдіреді. Біз барлық тарапты мұнан ары әскери ушыға түсуге жол бермеуге және БҰҰ жарғысы мен Қауіпсіздік кеңесінің сәйкесінше қарарлары негізінде көп азап шеккен Сирияға сенім, бейбітшлік және қауіпсіздікті қайтару үшін шаралар қабылдауға шақырамыз", - деген Омаров Қазақстан басқа елдерді де халықаралық құқық пен заңды қатаң сақтауға шақыратынын айтты.

"Қазақстан "әскери іс-қимыл - бұл Қауіпсіздік кеңесі мақұлдаған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін соңғы шара" деген ұстанымды қолдайды және осылай болып та қала береді", - дейді Қазақстанның тұрақты өкілі.

Сонымен қатар Қайрат Омаров Қазақстан тараптарды жанжалды тек қана бейбіт құралдарды пайдалану арқылы реттеуге шақыратынын жеткізді.

"Адамзат 21 ғасыр жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуіріне айналарына үміт артқан еді. Алайда, бұл тек елес болып қалуы ықтимал. Біздің әлем тағы да қауіпке душар болды және тәуекелдер барынша жоғары. Қатер - бұл жаһандық ауқымдағы зобалаң соғыс. Ғаламшарымыз қазіргі уақытта жаңа қырғи қабақ соғыс ернеуінде тұр, оның барша адамзатты талқандайтындай салдары болуы мүмкін", - деген Омаров бұл елбасының 2016 жылғы манифестіндегі сөзі екенін еске салды.

Сондай-ақ, Қайрат Омаров оң нәтижелерге қол жеткізу үшін Астана процесі мен Женева келіссөздері мақсат-міндеттерін одан ары қолдау қажеттігін атап өтті.

Еске сала кетейік, 14 сәуірде АҚШ одақтастарымен (Ұлыбритания, Франция) бірігіп Сирияға әуеден зымыранмен соққы жасады. Дональд Трамптың бұл шешімі Дума қаласындағы химиялық шабуылға жауап ретінде болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
2
3
12
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір