RU
Астаналық оқушы бірден төрт шетелдік оқу орнының грантын жеңіп алды
Жаңалықтар Қоғам

Астаналық оқушы бірден төрт шетелдік оқу орнының грантын жеңіп алды

Рассказать Вконтакте

Дарынды балаларға арналған №9 "Зерде" мектебінің оқушысы Нұрәлі Сарбақыш төрт шетелдік оқу орнының грантын жеңіп алған деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:astana.gov.kz

Фото:astana.gov.kz

Ұстаздарының айтуынша, Нұрәлі шетелдік жиырма шақты университетке тест тапсырған.

"Қазіргі күнде соның төртеуінен оң нәтиже келіп отыр. Біз оқу жылы басында 11 сынып оқушыларына шетелдің қай ЖОО-да тегін білім алуға болатыны туралы ақпарат бердік. Олар өздері таңдап, конкурсқа қатысып жатыр. Өткен жылы біздің жеті түлегіміз шетелге оқуға түсті", - дейді директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Самат Есенбеков.
Фото:astana.gov.kz

Фото:astana.gov.kz

Айта кетейік, қазіргі таңда Нұрәлі шетелдің алты жоғары оқу орнына өтініш беріп, Германия, Қытай, Кипр, Катардың ЖОО-ларынан "оқуға қабылдандың" деген жағымды жаңалық алып отыр.

"Мен қазіргі кезде Финляндия елінің және Назарбаев Университетінің жауабын күтіп отырмын. Ал АҚШ-тың ЖОО-на берген өтінішім қанағаттандырылмады. Оған қатты өкініш білдіріп отырғаным жоқ. Негізі өзім ішімнен шешім де қабылдап қойдым, осы елдердің ішінен Германияны таңдап отырмын", - деді Нұрәлі Сарбақыш.
Фото:astana.gov.kz

Фото:astana.gov.kz

Нұрәлі болашақта туған қаласы Астананың қоғамдық көлік жүйесін автоматтандырып, қала тұрғындарына ыңғайлы жүйе құрсам деген арманы бар.

Еске сала кетейік, шымкенттік Ақарыс Егізбай есімді оқушы бір мезетте АҚШ-тың үздік елулігіне енген 12 университетінде оқуға шақыру алғанын хабарлаған едік.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
21
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel