RU
"Қазақстан аруы" өзін бұл атаққа лайық санамайтындарға жауап берді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Қазақстан аруы" өзін бұл атаққа лайық санамайтындарға жауап берді (фото)

Рассказать Вконтакте

Наурыз айында өткен "Қазақстан аруы- 2018" байқауында атыраулық 16 жасар Альфия Ерсайын жеңімпаз атанған болатын. Жас ару Ақжайық басылымына берген сұқбатында өзін бұл атаққа "лайықты емес" деген сыни-пікірлерді қалай қабылдағанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Альфия Ерсайын. Фото: azh.kz

Альфия Ерсайын. Фото: azh.kz

"Басында қобалжыдым, алайда мен сында сынып қалатын қыз емеспін. Негізі мінезім - жайлы, жайдарлы қызбен. Айтпақшы, Атырау аруы атанған кезде мен туралы жағымсыз бейнежазба таралды. Осы бейнежазбаны көріп, көңіл күйім түсіп, үш күн үйден шықпай қойған болатынмын. Кейін тағы да болды. Уақыт өте етім үйренді. Ата-анам, бауырларым арнайы елордаға келіп, мені қолдады. Солардың арқасында жағымсыз пікірлердің ешқайсына мән бермедім. Мені қолдаған барлық қазақстандықтарға алғыс білдіремін!", - деген ару өзінің танымал болғанын желі арқылы білген.

"Шынымды айтсам, басында жеңімпазы атанғаныма сенбедім. Басыма тәж кигізген кезде де, сенбей тұрдым. Келесі күні ұйқыдан тұрсам, әлеуметтік желідегі оқырмандарымның саны бірнеше есеге өсіп, менің атымнан түрлі жалған парақшалар ашылыпты. Осы кезден бастап сене бастадым. Құттықтауларда есеп болмады", - дейді Альфия.

Сонымен қатар 16 жастағы бойжеткен қатысушылардың өзара "құшақтасып", жымиып күлу астарында жеккөрушілік пен қызғаныш жатады деген пікірді теріске шығарды.

"Жалған. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қыздар бір үйдің балаларындай болды. Бір-бірімізге көмектестік. Иә, тәж кию қатысқан қыздардың арманы ғой, бірақ адамдық деген бар ғой", - дейді ару.
Альфия Ерсайын

Альфия Ерсайын

Сондай-ақ, сұқбат барысында Альфия байқаудан жеңіп алған 3 млн теңгесін қайырымдылыққа жұмсайтынын айтады.

"Қарттар үйі мен балалар үйіне жәрдемдесемін. Байқауға дейін де оларға жиі барып, көместескім келетін. Қазір қаржы бар, көмектесуге де үлкен мүмкіндік туып тұр. Бұл ісімді өз-өзіме жарнама деп атайтындар бар. Бәріне жағу, ұнау мүмкін емес", - дейді ол.

Альфия Ерсайын әлемнің 150-ден астам ең сұлу қыздары қатысатын "Әлем аруы "байқауға дайындықты бастап кеткен. Ол үшін бойжеткен ағылшын тілін меңгеруді қолға алған.

Айта кетейік биылғы әлем аруы Ұлыбританияның астанасы Лондонда өтеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
6
2
1
1
25
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel