RU
Жер дауына қатысты сотталған атыраулық белсенді бостандыққа шығатын болды
Жаңалықтар Қоғам

Жер дауына қатысты сотталған атыраулық белсенді бостандыққа шығатын болды

Рассказать Вконтакте

Атырауда 2016 жылғы сәуірде өткен "жер шеруіне" қатысқаннан кейін бес жылға сотталған жергілікті белсенді Талғат Аян бостандыққа шығатын болды деп хабарлады Азаттыққа оның әкесі әрі адвокаты Төлепқали Аянов.

Белсенділер Талғат Аян (сол жақта) мен Макс Боқаев. Фото: Азаттық

Белсенділер Талғат Аян (сол жақта) мен Макс Боқаев. Фото: Азаттық

Оның сөзінше, сәуірдің 13-і күні Ақтөбе қалалық №2 соты қазіргі кезде осы қаладағы К-168/2 колониясында қамауда отырған Талғат Аянның ісі бойынша наурыздың 25-і күні түскен өтінішті қараған.

"Судья Теңізбай Алданов Талғаттың жазасының қалған бөлігін бас бостандығын шектеу түріне өзгерту туралы шешім қабылдады. Прокурор қарсылық білдірген жоқ, сот шешімі сәуірдің 29-ында күшіне енеді", - дейді Төлепқали Аянов.

Еске сала кетейік, 2016 жылғы 24 сәуірде Атыраудағы жер мәселесіне қатысты митингіден кейін белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян қамауға алынып, екеуінің үстінен Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалды.

2016 жылғы қарашада Атырау қалалық №2 соты Боқаев пен Аянды "әлеуметтік араздық тудырды", "жалған ақпарат таратты" және "митинг өткізу заңдарын бұзды" деп танып, бес жылға бас бостандықтарынан айыруға үкім еткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
1
3
28
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір