RU
Қайын ағасын өлтіріп қоя жаздаған атыраулық тұрғын сот алдына келді
Жаңалықтар Қоғам

Қайын ағасын өлтіріп қоя жаздаған атыраулық тұрғын сот алдына келді

Рассказать Вконтакте

Қайын ағасын өлтіре жаздаған атыраулық тұрғынға сот үкімі шықты деп хабарлайды atr.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: NewsRoom

Көрнекі фото: NewsRoom

2017 жылы Қарақалпақстан азаматы жұбайымен келісе алмай, әйелі ағасының жұмыс орнына кетіп қалады. Айыпталушы азамат жолдасының артынынан барып, жұбайын алып кетпекші болғанда, ағасы бөгет жасаған.

Күйеуі қайын ағасынан кек алуды ойлап, пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Нәтижесінде жәбірленуші ауыр халде Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіледі.

Сот барысында айыпталушы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 24-бабының 3- бөлігі, 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
5
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel