RU
Жұмыс барысында өмірлік махаббатын тапқан жастардың хикаясы қандай?
Жаңалықтар Қоғам

Жұмыс барысында өмірлік махаббатын тапқан жастардың хикаясы қандай?

Рассказать Вконтакте

Бүгін қазақстандықтар көктемнің керемет мерекелерінің бірі – 15 сәуір Ғашықтар күнін атап өтуде. Осы орайда NUR.KZ "Азаматтарға арналған үкіметтегі" жарасымды жұптар жайлы сыр шертеді.

Жалғас Арықбаев пен Гүлнұр Бизақова

Жалғас Арықбаев пен Гүлнұр Бизақова

2007 жылдың қазан айында жаңадан ашылған Алматы облысының Сарқан аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) жұмыс іздеп келген жас жігіт Ерлан Шарапиев бұл жерден қызметті ғана емес, өмірлік бақытын да тапқан.

Ерланды бірден баурап алған сұлудың есімі Махаббат. Алайда мінезі пысық, қимылы ширақ жігіт Махаббатқа сезімін білдіре алмай, біраз жүрген екен. Сарқан аудандық ХҚО-ның ашылғанына бір жыл толғанда, Лепсі өкілдік секторы ашылып, Ерланды сол жаққа ауыстыру туралы шешім қабылданады.

Ерлан мен Махаббат балаларымен

Ерлан мен Махаббат балаларымен

"Бұл жаңалықты естігенде, Ерланның көңіл-күйі түсіп, жабырқап қалған еді. Бірақ Махаббат Тасболатованың да сол жаққа ауысатынын естігенде, оның жүзі жадырап, қуанып кетті", - деп еске алады сол шақты бөлім басшысы Сәния Елубаева.

Кейін екі қызметтестің достығы махаббатқа ұласып, Ерлан мен Махаббат 2009 жылы некелерін қияды. Қазір олар үш баланы тәрбилеп отыр.

Бір-бірін ХҚО тапқан жарасымды жұптардың бірі Жамбыл облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері Жалғас Арықбаев пен Гүлнұр Бизақова.

Жалғас Арықбаев пен Гүлнұр Бизақова

Жалғас Арықбаев пен Гүлнұр Бизақова

Ата-анасының мәпелеп өсірген жалғыз перзенті, ерке мінезді Гүлнұр алғашында Жалғасты менсінбеген екен. Жігіт те қыздың кербездігін байқап, айтарлықтай ықылас таныта қоймайды. Уақыт өте келе Гүлнұр мінезі салмақты, өз ісіне тыңғылықты, уәдесіне берік Жалғастың адамгершілігіне тәнтті болып, көңіл аудара бастайды.

Жалғас Арықбаев пен Гүлнұр Бизақова қыздары Қымбатпен

Жалғас Арықбаев пен Гүлнұр Бизақова қыздары Қымбатпен

"Олар үш жыл бойы тек әріптес ретінде жұмыс бабымен ғана араласты. Екеуінің мінезі екі түрлі болғандықтан, қызмет барысында кейде дауласып, тіл табыса алмай қалатын. Бірақ "жүрекке әмір жүрмейді" деп бекер айтылмаса керек. Екеуінің сырласып, дос болып жүргенін білгенде, таңғалғанымыз рас. Дегенмен, өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқаратын екі маманымыздың тағдыры бір арнаға тоғысқанына біз де қуаныштымыз", - дейді бөлімнің бас маманы Ақерке Сейдалиева.

Бүгінде қос ғашықтың Қымбат атты бір қыздары бар.

Үш ұлды тәрбилеп отырған Руслан мен Айгерімді де Алматы қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы табыстырған.

Руслан мен Айгерім

Руслан мен Айгерім

Бостандық аудандық бөліміне 2011 жылы жұмысқа кірген Руслан, сондағы талдырмаш қыздардың бірі, ақылы көркіне сай Әйгерімге көзі түседі. Бөлімде 2009 жылдан бері жұмыс істейтін Әйгерім жаңадан келген жігіттің өзіне қырындап жүргенін сезетін. Бір күні пысық жігіт батылдық танытып, Әйгерімге сезімін ашық білдіреді. Сол сәттен бастап екеуі қыз бен жігіт болып кездесіп жүрді. Сондай кездесулердің бірі көп ұзамай олардың өмірін басқа арнаға бұрды...

2012 жылдың көктемі күн жексенбі болатын. Қос ғашық ертең дүйсенбі болғандықтан, кездесуді жоспарламай, жұмыста жолығатын болған. Бірақ кешкісін кездейсоқ келген Русланмен жүздесуге үй киімімен шыққан Әйгерім ғашығының үйінен бір-ақ шығады. Сөйтіп ол Сейтбаевтар әулетінің ақ орамалды келіні атанды.

ХҚО-да танысып, шаңырақ көтерген тағы бір жұп Астана қаласы халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейтін жастар Ақбота мен Олжас.

Ақбота мен Олжас

Ақбота мен Олжас

2014 жылы ХҚО қызметке орналасқан ару сол жерден өзінің өмірлік жарын жолықтырамын деп тіпті ойламаған.

ХҚО-да бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан Олжас Таған бөлімге жаңадан орналасқан инабатты қызға көмектесіп, тәжірибесімен бөліседі. Үш жылға жуық жай ғана әріптес болып араласып жүрген жастардың арасында бір күні күтпеген оқиға болады.

Олжас: "Сізге құда түсу керек пе, әлде алып қашайын ба?", - деп сұрақты төтесінен қойып, Ақботаны таңырқатады.

Жігіттің шынайы сезіміне сенген Ақбота оның адал жары болуға келісімін беріп, ата-аналарының ақ батасын алған соң, некелерін қияды.

Астана қаласы көші-қон ХҚО-ның басшысы Жандос Ілиясов та өзінің өмірлік жарын еңбек ұжымынан тапқан екен.

Жандос пен Әйгерім

Жандос пен Әйгерім

2015 жылы ортақ достарының басқосуында танысқан қыз бен жігіт сөйлесе келе әріптес екенін біледі. Тез тіл табысып, түрлі мәселелерге деген көзқарасы мен ойы бір жерлен шыққан жастар бір жылдан кейін шаңырақ көтерген.

Қазір Жандос пен Әйгерімнің Әдия есімді қыздары бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
2
1
30
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel