RU
Әкесімен құрдас адамға ессіз ғашық болған келіншек оған әйел болуға өзі ұсыныс жасаған
Жаңалықтар Қоғам

Әкесімен құрдас адамға ессіз ғашық болған келіншек оған әйел болуға өзі ұсыныс жасаған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының аудандарының бірінде тұратын Жазира есімді келіншек өз өмірі туралы сыр шертті. Әкесімен құрдас адамға ессіз ғашық болған ол ересек адамға тұрмысқа шығуға өзі ұсыныс жасаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: Foto-elf.ru

Көрнекі фото: Foto-elf.ru

"Жолдасым өзімнен 20 жасқа үлкен. Әкемнен үш айға ғана кіші. Айтсам сенбейсіз, ол адамға ессіз ғашық болдым. 25 жасымда тұрмысқа шықтым. Бір жыл танысып жүрдік. Бізді көрші келіншек таныстырды. Жолдасымен бірге жұмыс істейтін жақсы ағаның бар екенін айтты. "Тынысып көр" деп маған ол адамның телефон нөмірін берді. Whatsapp арқылы таныстым, сөйлесіп жүрдік. Вахталық жұмыста екен. Телефондағы хабарламалар арқылы біраз бауырбасып қалдық десек болады. Ол адам маған жақын бола түсті. 15 күн өтіп, жұмыстан келгеннен кейін кездесуге шықтым. Көлігінің артына отырдым. Ол кісі артқа менің қасыма келіп отырды. Түк ұнаған жоқ. Тезірек кетіп қалуды ойладым. Құрбы келіншекке ағай деп жүргенің шал екен деп ұрыстым", - дейді Жазира.

Келіншек ересек адамнан алғашқы кездесуде қашып кетіп, қайтадан кездесуге өзі шақырған.

"Шын айтайын, сол кезде ол адам ұнамай қашып кеткен едім. Бір ай мүлде байланысымды үздім. Көңілім қаңырап қалды. Білмеймін сол адамды іздедім. Хабарламаларыма жауап бермейді. Келесі жұмыстан келген кезінде кездестік. Мен оған толықтай берілдім. Қалағанын жасайтынмын. Ал ол менімен жүріп жүріп басқа әйелдермен де қыдырды. Қатты жаныма бататын. Айтсам "ертең сен мені тастап кетесің" деп жауап береді. Бір күні ол адамға тұрмысқа шыққым келетінін айттым. Ол "сенің әкеңнің бетіне қалай қараймын?" деп ұзақ ойланып жүрді. Соңында алып қашатын болды" ,- деген Жазира отбасылық өмірінің қалай басталғанын айтып.

"Әке-шешемнің жүрегі ұстап құлап қалмасы үшін кететінімді айттым. Себебі мені әжем тәрбиелеген, үйдің үлкені едім. Әкем жаңалығымды алғаш естігенде қуанып "бақытты бол" деді. Ал оның кім адам екенін айтқанымда тіл қатпастан тұрып кетті. Мен кеткеннен кейін анама хабарласып, әкемнің жағдайын сұрадым. Әжем әкеме "баланың бағын байлама, қалаған адамы болса ұстама" депті. Әкем үнсіз келісті. Осылай мен әкемнің құрдасына тұрмысқа шықтым. Ол қазір мені қатты жақсы көреді. Күнде жатарда Алладан оған ұзақ өмір бер деп тілеймін. Арманым бала сыйлау. Ол адамның бұрын баласы болмаған. Мен сіздерге бұл оқиғаны суретке түсіп отырып айтып берер едім. Тек жолдасымның артынан сөз ерткім келмейді", - дейді ол.

Келіншек қазір өзінің ана болуға дайындалып жүргенін айтты.

Ескерту! Материал ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған. Мақаланы көшіріп басуға, таратуға немесе өзге де мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
46
6
6
6
3
30
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір