RU
ШҚО-да жер қақ айырылып, ұзындығы екі шақырым шұңқыр пайда болды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да жер қақ айырылып, ұзындығы екі шақырым шұңқыр пайда болды (фото)

Рассказать Вконтакте

ШҚО-ның Қатонқарағай ауданы Солоновка ауылындағы Қараөзек учаскесінде қар суының еруі салдарынан далалық жолда геологиялық жарықты еске түсіретін үлкен шұңқыр пайда болды деп хабарлайды Аltaynews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Altaynews.kz

Фото: Altaynews.kz

Бір айын бұрын көліктер зулап өтіп жатқан жолда пайда болған шұңқырдың ұзындығы – 2 шақырым, тереңдігі – 5-6 метр, ал ені – 4-5 м.

Фото: Altaynews.kz

Фото: Altaynews.kz

Бұл жол "Жас қанат" шаруа қожалығының мал шаруашылық қыстауларын байланыстырып тұрған күре жол болған. Алайда ен даладан төмен қарай аққан қар суы жолға бет бұрып, бар-жоғы екі-үш күнде оны қақ айырған.

Фото: Altaynews.kz

Фото: Altaynews.kz

Қазір шұңқыр орнын екі бульдозер ретке келтіріп жатыр. Жол бірнеше айдың ішінде қалпына келеді деп күтілуде. Ал жергілікті тұрғындар әбіргерге салған көктемнен жаз жайдары болады деген үмітте.

Фото: Altaynews.kz

Фото: Altaynews.kz

Фото: Altaynews.kz

Фото: Altaynews.kz

Фото: Altaynews.kz

Фото: Altaynews.kz

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
15
6
3
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір